24 маусым 2020 | 15:03

Қырғызстан президенті Мәскеудегі парадқа қатысудан бас тартып, оқшауланды

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысудан бас тартты, - деп хабарлайды 24 kg.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысудан бас тартты, - деп хабарлайды 24 kg.

Дереккөз мәліметінше, 24 маусымда таңертең түсірілген видео кадрларында Сооронбай Жээнбековтің Кремльге келгені көрінеді. Алайда Владимир Путинмен амандасу сәтіндегі кадрларда Жээнбеков көрінбейді. Қонақтар Ресей президентімен бірге шеру өтетін жерге Кремль баспалдағымен түссе, Президент олармен болған жоқ.

Реклама
Реклама

Қырғызстан президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, алгоритм бойынша Сооронбай Жээнбеков, делегация мүшелері мен президенпен бірге жүретін адамдар Мәскеуге ұшып келгеннен кейін коронавирусты анықтауға тест тапсырған. Содан Жээнбековтің қасында жүрген екі адамнан коронавирус анықталған.

Кейін коронавирустың Президент аппаратының сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Данияр Сыдықовтан анықталғаны белгілі болды. Сондай-ақ, Сооронбай Жээнбековтің күзет қызметінің бірінің қызметкерінен вирус анықталғаны айтылды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная