ПОДЕЛИТЬСЯ
15 қазан 2020 | 14:10
Қырғызстан президенті отставкаға кететінін мәлімдеді
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кету туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ел президентінің сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кету туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ел президентінің сайтына сілтеме жасап.
"Қымбатты менің отандастарым! Мен үшін Қырғызстандағы бейбітшілік, елдің тұтастығы, халқымыздың бірлігі және қоғамдағы тыныштық бәрінен жоғары. Мен үшін әрбір отандасымның өмірінен қымбат ештеңе жоқ.
Мен билікті ұстамаймын. Қырғызстан тарихында өз азаматтарын атқан, қан төккен президент ретінде қалғым келмейді. Сондықтан отставкаға кету туралы шешім қабылдадым.
Жапаров пен басқа да саясаткерлерді өз жақтастарын ел астанасынан шығарып, Бішкек тұрғындарына бейбіт өмірді қайтаруға шақырамын. Ешбір билік еліміздің тұтастығы мен қоғамдағы келісімге тұрмайды. Алла тағала бәрімізді сақтасын, жерімізде бейбітшілік пен тыныштық болсын!", - делінген Жээнбековтің үндеуінде.
Еске салайық, 5 қазанда Қырғызстанда парламент сайлауының қорытындысымен келіспеген азаматтар жаппай наразылық білдірген еді. Митингіге шыққандар президент әкімшілігі және парламент отыратын Ақ үйге басып кірген болатын.
Сонымен қатар, Қырғызстанда жаңа премьер-министр тағайындалды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также