Қырғызстан президенті Өзбекстанмен шекара туралы заңдарға қол қойды

Дина Шарипханова Корреспондент
Қырғызстан президенті Өзбекстанмен шекара туралы заңдарға қол қойды Фото: 24.kg

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров "Қырғыз Республикасының Министрлер кабинеті мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Кемпір-Абад (Әндіжан) су қоймасының су ресурстарын бірлесіп басқару туралы келісімді ратификациялау туралы" заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Құжатта 3 қарашада Бішкекте қол қойылған Кемпір-Абад (Әндіжан) су қоймасының су ресурстарын бірлесіп басқару туралы екі ел арасындағы келісімді ратификациялау ұсынылады.

"Келісім Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы қырғыз-өзбек мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелері туралы шартқа сәйкес дайындалды. Оның мақсаты - бірлескен комиссияның су қоймасының су ресурстарын басқаруы", - делінген Президенттің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама