Қырғызстан президенті Ресейдің Донбассты қорғау әрекеттерін қолдады - Кремль

Қырғызстан президенті Ресейдің Донбассты қорғау әрекеттерін қолдады - Кремль © instagram/kyrgyzpresident

Сенбі, 26 ақпанда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы екі мемлекет басшысының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенбі, 26 ақпанда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы екі мемлекет басшысының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ел басшылары Қырғыз-Ресей ынтымақтастығының қазіргі күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Садыр Жапаров пен Владимир Путин халықаралық және аймақтық қауіпсіздік мәселелері, соның ішінде Украина төңірегіндегі ахуал жөнінде пікір алмасты", - деді Қырғызстан президентінің әкімшілігі.

Сонымен қатар, Кремль сайты телефон әңгімесінің мән-жайын айтты. Мәскеу мәліметінше, Жапаров Ресейдің Донбассты қорғауға бағытталған әрекеттерін қолдаған.

Жарнама
Жарнама

Қырғыз тарапының бастамасы бойынша Владимир Путиннің Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесуі барысында Ресейдің Украинада арнайы әскери операция өткізуіне байланысты жағдайдың дамуы талқыланған.

Сол күні Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Эрбол Сұлтанбаев Украинадағы жағдайға пікір білдіріп, Қырғызстан тараптардың бейбітшілікке тезірек қол жеткізуіне үмітті екенін мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама