ПОДЕЛИТЬСЯ
21 қазан 2020 | 16:37
Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы жемқорларға 30 күн берді
Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Садыр Жапаров экономикалық амнистия жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Садыр Жапаров экономикалық амнистия жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап.
"Маған берілген өкілеттіктер аясында ресми түрде экономикалық амнистия жариялаймын", - деді премьер-министр және президент міндетін атқарушы Садыр Жапаров халыққа үндеуінде.
Оның айтуынша, мемлекеттік биліктің барлық саласы үшін үлкен міндеттер тұр.
Ол экономикалық амнистияны мемлекет бюджетін толтыру үшін, оның ішінде қосымша ресурстарды өндіріп алу, мемлекет шекарасынан заңсыз шығарылған оффшорлық аймақтарды, капиталдарды қайтару сондай-ақ бизнес қауымдастықтағы көлеңке ресурстарды шығару үшін жүргізіп жатыр.
Садыр Жапаров кейінгі 30 жылда энергетика, кеден және салық қызметі, дәрілік қамсыздандыру, лицензия беру, жер пайдалану және тағы басқа салада жүйелі жемқорлық схемасы өршіп кеткеніне сенімді.
"Осыған байланысты халықтың ақысын жеп, қылмыстық схемаларды ұйымдастырған; түрлі компанияда үлесі бар бұрынғы шенеуніктер; ірі компания акцияларын рейд арқылы заңсыз иемденген шенеуніктер; салық төлеуден қашатын кәсіпкерлер; заңсыз әрекет ететін немесе заңсыз әрекетке көмектесетін шенеуніктер; министрліктер мен ведомстволардың басшылары; кеденшілер мен қаржыгерлерге 30 күн беремін. Өздері бар фактілері туралы ашық айтып, нақты дерек бергенін қалаймын. Бәрің жедіңіздер, мемлекет қазынасына қайтаруды талап етемін!" - деді ол.
"Басқа ештеңе керек емес! Әзірге сіздерге уақыт пен мүмкіндік беремін. Қысқа уақытта экономикалық амнистия және қаржыны, жылжитын және жылжимайтын мүлікті заңдастыру үшін құқықтық база әзірленеді. Егер сіздер бұл мүмкіндікті пайдаланбай, экономикалық амнистияны елемесеңіз, заңға сәйкес ең ауыр жаза тағайындалады. Әрқайсыңыздың капиталыңыз қай жерде болмасын табамыз. Оған уәде етемін", - деді премьер.
Жапаров экономикалық амнистия бір рет болатынын ескертті.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также