21 сәуір 2022 19:44

Қырғызстан ҰҚМК 9 мамырда Z әрпі бар киімдерді кимеуге шақырды

Фото ©РИА Новости

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті 9 мамырды атап өту кезінде Z әрпі бар киімдерді кимеуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан ҰҚМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ведомство хабарына қарағанда, әлеуметтік желіде 9 мамыр Жеңіс күніне орай Z белгісі бар әскери киімдер мен костюмдерді жалға беретін компаниялар көпшілік талқысына түскен.

"Ұлттық қауіпсіздік органдары карнавал костюмдерін жалға беретін ұйымдарды ұлтаралық араздықты қоздыруға ықпал ететін әскери киім мен Z символы бар костюмдерді жалға бермеуге, сондай-ақ қала тұрғындарын 9 мамырда Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай өтетін "Мәңгілік полк" шеруінде аталған киімді кимеуге шақырады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Фото: Қырғызстан ҰҚМК баспасөз қызметі

Сонымен қатар, ҰҚМК ұлтаралық араздықты қоздыруға бағытталған іс-әрекеттер үшін жауапкершілік көзделгенін ескертті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram