Қырғызстанда бірнеше ресейлік телеарнаның хабар таратуы тоқтатылды

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент
Қырғызстанда бірнеше ресейлік телеарнаның хабар таратуы тоқтатылды

Қырғызстанда Бүкілресейлік мемлекеттік теледидар және радиохабар тарату компаниясы телеарналарынан хабар тарату уақытша тоқтатылды. Бұл туралы "Ақнет" байланыс операторы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бірқатар елде бүкілресейлік телеарналарды таратуға заңнамалық шектеулер қабылдануына байланысты халықаралық спутниктерде БМТРТ телеарналарын тарату біржақты түрде тоқтатылды. Осы себепті Россия Культура, Россия 24 және Звезда телеарналарын тарату уақытша мүмкін болмай тұр", - делінген хабарламада.

Оператор мәліметінше, қазіргі уақытта тұрақты сигнал беру үшін резервтік хабар таратуды ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама