Қырғызстанда елтаңба, ту және әнұранды өзгерту ұсынылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Қырғызстанда елтаңба, ту және әнұранды өзгерту ұсынылды Фото:elements.envato.com

Қырғызстандық депутат елде мемлекеттік рәміздер - елтаңба, әнұран және туды өзгерту керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Қырғызстандық депутат елде мемлекеттік рәміздер - елтаңба, әнұран және туды өзгерту керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Депутат Арсланбек Малиевтің айтуынша, елтаңбаға қарағанда, әдемі суретті ғана көруге болады.

"Тарихқа назар аударсақ, біздің өз әріптеріміз бар, оның ішіндегі ең жақсысы - қырғыз әрпі Ң. Қырғызстанның қазіргі туын кеңес парламенті қабылдаған. Қырғызстан туының нағыз түсі - көк. Ұлы қырғыз халқының туы көк, Манаста болғандай", - деді Арсланбек Малиев.

Жарнама
Жарнама

Депутатқа әнұран да ұнамайтын көрінеді. Ол қырғыз халқының басқа да әдемі әуендері бар деп есептейді. Мысалы, "Қырғыз жері" шығармасы.

"Бұл ән көпшілікке белгілі. Мәтінді аздап өзгертуге болады. Сонда рәміздерімізді жаңартып, тарихқа ден қойып, нағыз қырғыз символдарын қолданамыз. Қазір тиісті заң жобалары дайындалып жатыр, алдағы уақытта талқылауға береміз", - деді Арсланбек Малиев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама