Қырғызстанда Ердоғанның кортежі кептелісте тұрып қалып, полицейлер жұмыстан шығарылды

© REUTERS/Hannibal Hanschke

Түркияның бірінші ханымы Эмине Ердоған Қырғызстандағы Қыршын шатқалында кептелісте тұрып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап.

Түркияның бірінші ханымы Эмине Ердоған Қырғызстандағы Қыршын шатқалында кептелісте тұрып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Эмине Ердоған Бүкіләлемдік көшпенділер ойынына жұбайымен бірге бара жатқан. Қырғызстанның ІІМ өкілдері осы дерек бойынша қызметтік тергеу жүргізіп, үш полицейді жұмыстан шығарған.

ІІМ баспасөз қызметі өкілдерінің сөзіне қарағанда, басқа қызметкерлер мен милиция бөлімшелерінің басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Реклама
Реклама

"Қызметтік тексеріс барысында басқа да қызметкерлердің қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны анықталған. Олар қажетті мемлекеттік орган өкілдерімен байланыста болмаған. Нәтижесінде ресми делегация келу кезінде осындай жағдай болды", - деп түсіндірді Қырғызстанның ІІМ өкілдері.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама