31 тамыз 2022 | 09:23

Қырғызстанда есірткі арнасын жою операциясы кезінде қазақстандық ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: orinfo.ru

Қырғызстанда Қазақстан азаматы есірткінің ірі партиясымен ұсталды. Бұл туралы Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз орталығы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстанда Қазақстан азаматы есірткінің ірі партиясымен ұсталды. Бұл туралы Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз орталығы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, алдымен Қырғызстанның Шу облысы аумағында екі қырғыз азаматы ұсталған. Оларда жалпы салмағы 10 келі ауғандық гашиш болған. Арнайы қызмет одан әрі жедел жұмыс барысында, Қазақстан азаматы К.Е.Б. есірткіні Қырғызстанның Талас облысындағы шекаралық аймақта қабылдап, сату үшін Қазақстанға жеткізуі тиіс болған.

"Шоң-Капка - автодорожный" өткізу бекетінде мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде К.Е.Б ұсталды. Ол одан әрі жедел-іздестіру шараларын жүргізу үшін МҰҚК-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізіліп жатыр. Қырғызстан мен Қазақстан азаматтары арасынан есірткі арнасының басқа да ұйымдастырушыларын анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізіліп жатыр", - деді ведомство өкілдері.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная