ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 09 желтоқсан 2024 09:30
Қырғызстанда жер сілкінді
Қырғызстанда жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының сейсмология институтының мәліметінше, жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 05:41-де тіркелген. Магнитудасы 3,4 болатын жер сілкінісінің ошағы Ош және Жалал-Абад облыстарында болған.
Жерасты дүмпулерінің қарқындылығы:
- Орқазған, Қанжыға, Ақ-Терек, Жийде ауылдарында - 3 балға жуық;
- Салам-Алик және Көш-Етер ауылдарында - 2,5 балл.
Еске салайық, 4 желтоқсанда Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында 3,6 балдық жер сілкінісі болған еді. 2 желтоқсанда Маңғыстау облысында магнитудасы 4,2 болатын жер сілкінісі тіркелді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу