Қырғызстанда көлік салығы жойылды: не өзгереді?

Қырғызстанда көлік салығы жойылды: не өзгереді? Фото:depositphotos.com

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров көлік құралдарына салынатын салықты алып тастау және бизнес қарыздарын кешіру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы мемлекет басшысы Facebook-парақшасында хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жарлыққа сәйкес, үкімет екі ай ішінде көлік құралдарына салынатын мүлік салығын жою туралы заң жобасын әзірлеуі керек.

"Мен автокөлікке салынатын салықты толық жою туралы тапсырма бердім", – деді президент, бұл салықтың орнына 1 қаңтардан бастап әрбір көлікке құйылған жанармайдың әр литрі үшін 1 сом алынатынын түсіндіріп.

Жарнама
Жарнама

Сондай-ақ, ол салықтан босату 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін оны төлемегендерге де қатысты болатынын қосты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама