Қырғызстанда көшкін салдарынан жартас опырылды

Скрин видео

Нарын облысы Дыйкан - Кара-Кече тасжолында көшкін жүрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Akipress сайтына сілтеме жасап.

Нарын облысы Дыйкан - Кара-Кече тасжолында көшкін жүрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Akipress сайтына сілтеме жасап.

Қырғызстандағы ең ірі көмір кен орнына апаратын тасжолда көшкін жүрген. Елдің көлік және жол министрлігінің алдын ала мәліметі бойынша, жолды жалпы салмағы 800-900 мың текше болатын тас-топырақ жауып тастаған. Ол шатқалдағы жолды, өзеннің арнасын жауып, электр бағаналарын құлатқан.

Куәгерлер көшкін болған сәтті видеоға түсіріп үлгеріпті. Онда көшкін салдарынан жартастың қалай опырылғанын көруге болады.

Реклама
Реклама

24kg.kz сайтының мәліметінше, Қырғызстанның премьер-министрі Кубатбек Боронов мемлекеттік органдарға көшкін салдарын жою бойынша жедел жұмыс жүргізуді тапсырған.

Джумгал ауданының азаматтық қорғаныс комиссиясының шешімі бойынша көшкін жүрген жол уақытша жабылып, жол учаскесі қоршауға алынған. Көшкін салдарынан ешкім зардап шекпеген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама