26 қараша 2021 15:27

Қырғызстанда мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетінің жолы кесілді

Дина Шарипханова Корреспондент
Иллюстрацияық фото: instagram.com/gknb_kr

Қырғызстанда билікті күшпен басып алу әрекетінің жолы кесілді. Бұл туралы республиканың Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sputnik-Қырғызстанға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда билікті күшпен басып алу әрекетінің жолы кесілді. Бұл туралы республиканың Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sputnik-Қырғызстанға сілтеме жасап.

Комитет мәліметінше, ҰҚМК мен ІІМ-нің "алдағы парламенттік сайлау қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша" жүргізген жұмысы барысында "сайлаудан кейін елдегі қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыруға арандатушылық ұйымдастыруды, содан кейін билікті күшпен басып алуды" жоспарлаған адамдар тобы туралы мәліметтер алынды. Бұл факт бойынша республиканың Қылмыстық кодексінің "Билікті күшпен басып алуға дайындық" бабы бойынша соталды тергеу басталған.

Жекелеген деструктив көзқарастағы саяси күштердің басшылығымен адамдар тобының қылмыстық іс-әрекетінің бұлтартпас дәлелдері тәркіленген. Олардың арасында Жогорку Кенеш депутаттары мен бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктер бар.

Реклама
Реклама

"Алдағы парламенттік сайлаудың нәтижелері жарияланғаннан кейін бұл топ белгілі бір саяси күштердің, соның ішінде сайлауда жеңілгендердің қолдауына сеніп, Бішкекте билікті одан әрі күшпен басып алу мақсатында жаппай наразылық шерулерін ұйымдастыруды жоспарлағаны анықталды", - деді баспасөз қызметі өкілдері.

ҰҚК мәліметінше, топ жаппай наразылық акцияларын ұйымдастыру үшін 1000-ға жуық жастарды іріктеп алған. Олармен мемлекеттік құрылымдарға қарсы жүйелі кездесулер өткізіліп, арандатулар мен жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру жоспарлары талқыланған.

"Топтың қылмыстық әрекетінің алдын алу мақсатында биыл 26 қарашада ҰҚМК және ҚР ІІМ тергеушілері белсенді қатысушылардың тұрғылықты жері бойынша және олар жалға алған кеңседе тінту жүргізді. Нәтижесінде, қылмысқа дайындықты растайтын құжаттық материалдардан басқа, атыс қаруы, оқ-дәрілер мен есірткі құралдары табылып, тәркіленді", - делінген хабарламада.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде топтың 15-тен аса белсенді мүшесі ұсталған. Қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram