06 маусым 2023 | 12:02

Қырғызстанда мемлекеттік төңкеріс жасау жоспарланған: МҰҚК мән-жайды айтты

видео кадры

Қырғызстан МҰҚК билікті басып алу мақсатында жаппай тәртіпсіздік пен бағынбау әрекеттеріне қатысқан бір топ адамның ұсталуына қатысты кейбір мәліметті хабарлады. Ведомство мәліметінше, бес адам ұсталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстан МҰҚК билікті басып алу мақсатында жаппай тәртіпсіздік пен бағынбау әрекеттеріне қатысқан бір топ адамның ұсталуына қатысты кейбір мәліметті хабарлады. Ведомство мәліметінше, бес адам ұсталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg агенттігіне сілтеме жасап.

Ұсталғандар кейіннен билікті күшпен басып алу мақсатында жаппай тәртіпсіздік пен қарсылық әрекеттерін ұйымдастыруды жоспарлаған. Алынған мәлімет пен жиналған аудио және бейнематериалдар негізінде қылмыстық іс қозғалып, сот санкциялаған арнайы тергеу әрекеттері жүргізілген.

"Бұл қылмыстық топ жыл бойына мақсатты түрде жақтастарын тартып, республика бойынша наразы азаматтарды жинаған. Ұйымдастырушы - азаматтық белсенді және "Элдик Кенеш" саяси партиясының төрағасы Н.Р.С.

Ол тұрақты түрде кездесулер өткізіп, билікті күштеп басып алу жоспарын талқылау арқылы мемлекеттік құрылымдарға қарсы үгіт-насихаттар жүргізген", - деді МҰҚК өкілдері.

Реклама
Реклама

Ведомство мәліметінше, жақын арада ұйымдық мәселелерді қаржыландыру және негізгі лауазымды тұлғаларға сыйақы төлеу үшін шетелден ақша түседі деп жоспарлаған. Олар қоғамда кез келген оқиғаға наразылық пайда болғаннан кейін өздерінің қылмыстық жоспарларын жүзеге асырудың белсенді кезеңін бастауды көздеген.

Ұсталғандар кінәсін мойындағаны хабарланды. Дәлелдер алынып, ұсталғандардың барлығы МҰҚК уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Сондай-ақ, ведомство, ұсталғандардың айтуы бойынша, мемлекеттік төңкеріс жасау жоспарын талқылап жатқан видео таратты.

Басылым мәліметінше, ұсталғандардың бірі 2012 жылы Садыр Жапаров пен Қамшыбек Ташиев жақтастарының штабын басқарған "Елдік кеңес" саяси партиясының төрағасы Роза Нұрматова. Ол бұған дейін үкіметтің әлеуметтік бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная