03 наурыз 2020 10:21

Қырғызстанда митинг кезінде 18 милиция қызметкері зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда митинг кезінде 18 милиция қызметкері зардап шекті, - деп хабарлайды РИА Новости Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қырғызстанда митинг кезінде 18 милиция қызметкері зардап шекті, - деп хабарлайды РИА Новости Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше Бішкекте түрмеде отырған қырғыз саясаткері Садыр Жапаровтың жақтаушылары митингіге шыққан болатын. Жүздеген наразы Ала-Тоо алаңына жиналып, саясаткерді босатуды талап еткен.

Президенттің баспасөз қызметі биліктің наразы топтың талаптарын қарастыратынын айтты. Құқық қорғау органдары митингіге шыққандарды тоқтату үшін ішкі әскерді шақыртқан. Алаң маңында көзден жас ағызатын газ қолданылған.

"Бішкектің травмотология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығына құқық қорғау органдарының 18 қызметкері көмекке жүгінді", - деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігіндегілер.

Ведомство мәліметінше, медициналық көмек көрсетілген соң зардап шеккендердің барлығы үйлеріне жіберілді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети