02 наурыз 2020 | 21:18

Қырғызстанда митинг: Мыңдаған адам милиция қоршауын бұзып өтті

Фото:24.kg

Бішкекте түрмеде отырған қырғыз саясаткері Садыр Жапаровтың жақтаушылары митингіге шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бішкекте түрмеде отырған қырғыз саясаткері Садыр Жапаровтың жақтаушылары митингіге шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2 наурызда шамамен сағат 11.00-де жүздеген наразы Ала-Тоо алаңына жиналып, саясаткерді босатуды талап еткен. Митинг 17.00-ге дейін жоспарланған. Алайда жұрт бұдан кейін де қайтпай қойған.

Реклама
Реклама

Шамамен 18.15-те халық "Ақ үйге" қарай беттеген, алайда оларды милиция қызметкерлері тоқтатқан. Наразылар олардың қоршауын бұзып-жарып, әрмен қарай жөнелген. Милиция қызметкерлері наразы топты қуа бастаған. Бұл мақсатта су атқыштар мен көзден жас ағызатын газ қолданылған, сондай-ақ ит айтақтаған.

Құқық қорғау органдары митингіге шыққандарды тоқтату үшін ішкі әскерді шақыртқан. Алаң маңында көзден жас ағызатын газ қолданылған.

Митингіге мыңнан аса адам қатысқан деген болжам айтылып отыр.

Қазіргі уақытта қаладағы қозғалыс қалпына келді. ІІМ қызметкерлері оқиға орнында сапта тұр.

Еске салайық, 2017 жылдың тамызында Садыр Жапаров 11 жыл 6 айға күшейтілген тәртіптегі колонияға жаза өтеуге бас бостандығынан айырылған. Оған 2013 жылы Қаракөлде митинг ұйымдастырды деген айып тағылған. Кейін оның мерзімін 10 жылға дейін қысқартқан.

Түрмеде отырған Садыр Жапаровтың әкесі мен шешесі қайтыс болған, ал өткен жылдың тамызында жол апатынан ұлы қаза тапқан. Билік оған жақындарын жерлеуге қатысуға рұқсат берген. Кейін ол президенттен рақымшылық сұраған, бірақ өтініші қанағаттандырылмады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная