25 наурыз 2017 | 21:08

Қырғызстанда МҰҚК алдында митинг өтті

Қырғызстанда 25 наурызда жергілікті уақыт бойынша шамамен 14.30-да Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитеті ғимаратының алдында митинг басталды. Өздерін парламенттің экс-депутаты Садыр Жапаровтың жақтаушысымыз деп атаған 600 адам оны босатуды талап етті, - деп хабарлайды Zanoza.kg.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстанда 25 наурызда жергілікті уақыт бойынша шамамен 14.30-да Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитеті ғимаратының алдында митинг басталды. Өздерін парламенттің экс-депутаты Садыр Жапаровтың жақтаушысымыз деп атаған 600 адам оны босатуды талап етті, - деп хабарлайды Zanoza.kg.

Басылымның мәліметінше, шеруге шыққандар мен оларды тоқтатуға тырысқан полицейлер төбелескен. Ер адамдар өздерін тым дөрекі ұстап, шабуыл жасаған. Олар бұрынғы депутатты босатуға 20 минут беретінін мәлімдеген. Кейін МҰҚК ғимараты айналасындағы қоршауды бұзып өткісі келіп, жанжал шығарған. 

Реклама
Реклама

16.30-да шерушілерді күшпен таратуға және ұстауға арналған шаралар жүргізілген. Басылымның мәліметінше, жанжал кезінде шерушілер ұсталғандар ұсталғандар отырғызылған көліктердің терезесін сындырған. Ұсталғандардың ішінде митингте сөйлеген экс-омбудсмен Турсунбек Акун бар.

Kloop.kg мәліметінше, түтіндету құтысы қолданылған. Басқа БАҚ-тар болса ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ескерту ретінде әуеге оқ атылғанын хабарлады. Алдын ала мәлімет бойынша, ондаған адам ұсталған. Шеруге келгендердің басым бөлігін күш құрылымдары басқа көшелерге дейін қуып тастаған.

Алайда елдің ішкі істер органдары оқиғаға қатысты ешқандай да пікір білдірмеген, қанша адамның ұсталғаны және оларға қандай айып тағылатыны белгісіз. 

Айта кетейік, 25 наурызда Қырғызстан парламентінің экс-депутаты соңғы бірнеше жыл бойы шетелде болған. Ол таяуда ұсталып, Қырғызстан Республикасының МҰҚК-ға жеткізілген. Оған қатысты "Өлтіруге қорқыту", "Кепілге адам алу", "Бұзақылық", "Билік өкіліне күш қолдану" баптарында қарастырылған қылмыстар бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бірнеше күн бұрын ол видеоүндеу жасап, Қырғызстанға 25 наурызда оралатынын, қырғыз-қазақ шекарасын "Ақ-Жол" бекетінен сағат 12.00-де өтіп, айғақ беру үшін МҰҚК-ға баратынын мәлімдеген.

Басылымның мәліметінше, оны шекарадан жүздеген жақтаушысы күтіп алған. Жақтаушыларынан бөлек, олардан да көп полиция қызметкерлері күтіп тұрған. Жапаров ұсталғаннан кейін жақтаушы тобы МҰҚК ғимаратына қарай бет алған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная