10 қазан 2023 10:00

Қырғызстанда өлтірілген Камчи Кольбаевтың тағы бір құдасы ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Камчи Кольбаев лақап атымен танымал Камчыбека Асанбектің тағы бір құдасы ұсталды. Рустам Турдиев екі айға Қырғызстан МҰҚК тергеу изоляторына қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Камчи Кольбаев лақап атымен танымал Камчыбека Асанбектің тағы бір құдасы ұсталды. Рустам Турдиев екі айға Қырғызстан МҰҚК тергеу изоляторына қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Бішкекте өткен аптада жойылған ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі Камчи Колбаевтың тағы бір құдасы - кәсіпкер Рустам Турдиев ұсталды. Ол марқұм қылмыскердің қызының қайын атасы екен.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қамшы Көлбаевтың құдасы болған кәсіпкер Турсунтай Салимов ұсталған болатын. 9 қазанда ол екі айға қамауға алынды. Сотта Салимов ауырып, оны жедел жәрдем көлігі алып кеткен.

Реклама
Реклама

Алдын ала мәлімет бойынша, екеуіне де Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 261-бабы "Ұйымдасқан топ құру немесе оған қатысу" бойынша айып тағылған.

Камчыбека Асанбек 4 қазанда Қырғызстан астанасында Ұлттық қауіпсіздік бас басқармасының қызметкерлері жүргізген арнайы операция кезінде қаза болған. Камчи Колбаев Қырғызстандағы қылмыс әлемнің ең танымал авторитеті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram