Қырғызстанда отшашу тиелген жүк көлігі жол апатына ұшырады

Қырғызстанда отшашу тиелген жүк көлігі жол апатына ұшырады видео кадры

Қырғызстандағы тасжолдың бірінде пиротехникалық заттар тиелген көлік апатқа ұшырады. Апат салдарынан бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Қырғызстандағы тасжолдың бірінде пиротехникалық заттар тиелген көлік апатқа ұшырады. Апат салдарынан бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Ыстықкөл облысы, Тоң ауданы, Бішкек – Нарын – Торугарт тасжолында адам өлімімен аяқталған жол апаты болды. Ведомство мәліметінше, отшашу құрылғылары тиелген Howo маркалы ауыр көліктің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, апатқа ұшыраған. Жүк көлігі өртеніп, салдарынан отшашу жарылған.

Жарнама
Жарнама

Өрттен салонда болған адам қаза тапты. Өртті сөндіруге екі өрт сөндіру бригадасы жұмылдырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама