04 ақпан 2021 | 17:24

Қырғызстанда премьер-министр лауазымы жойылады

Фото: president.kg

Қырғызстанда премьер-министр лауазымы болмайды. Бұл туралы ел президенті Садыр Жапаров мәлімдеді, - деп хабарлайды 24.kg.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстанда премьер-министр лауазымы болмайды. Бұл туралы ел президенті Садыр Жапаров мәлімдеді, - деп хабарлайды 24.kg.

Садыр Жапаров жаңа үкіметке өзін көрсетуі үшін жарты жыл уақыт берді. 

Реклама
Реклама

"Реформа орнатуға кем дегенде жарты жыл қажет. Осы уақыт аралығында министрлер кабинетінің жаңа құрамы өз жұмыстарын көрсетуі керек. Жаңа Конституция мен заңдар қабылдау жоспарда бар. Соларға негізделіп реформалар жасалады. Жаңа, адал, кәсіби кадрлар конкурс арқылы алынады.  

Премьер-министр лауазымын және қайталанатын мемлекеттік органдарды тарқатамыз. Реформа кезеңінен өту үшін уақыт қажет", - деді Садыр Жапаров. 

Бұған дейін Садыр Жапаров Үкіметтің жаңа құрамы мен құрылымын бекітті. Қырғызстан премьер-министрі болып елдің экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың көмекшісі Ұлықбек Мәріпов тағайындалды.

Ұлықбек Мәріпов қабылдаған шешімдердің бірі - туған бауыры Бақытбек Мариповті жұмыстан шығаруы болды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная