Қырғызстанда премьер-министр тағайындалды

Қырғызстанда премьер-министр тағайындалды

Қырғызстанның Жогорку Кенешінің (Парламентінің) депутаттары Садыр Жапаровты премьер-министр лауазымына бекітті, - деп хабарлайды 24.kg.

Қырғызстанның Жогорку Кенешінің (Парламентінің) депутаттары Садыр Жапаровты премьер-министр лауазымына бекітті, - деп хабарлайды 24.kg.

Депутаттар Садыр Жапаровтың премьер-министр лауазымына кандидатурасын қайта қарады. Сондай-ақ, олар Үкіметтің құрамы мен бағдарламасын бекітті. Залда 83 депутат отырды. Барлығы бірауыздан дауыс берді.

Еске салайық, мұның алдында Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков премьер-министр кандидатурасын қайта қарауды ұсынған болатын.

Реклама
Реклама

5 қазанда Қырғызстанда парламент сайлауының қорытындысымен келіспеген азаматтар жаппай наразылық білдірген еді. Митингіге шыққандар президент әкімшілігі және парламент отыратын Ақ үйге басып кірген болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама