ПОДЕЛИТЬСЯ
23 қазан 2020 | 10:55
Қырғызстанда президент және парламент сайлауы көктемге шегерілді
Қырғызстанда президент пен Жогорку Кенешке (парламент - автор) депутаттарды сайлау мерзімдері кейінге шегерілді, - деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қырғызстанда президент пен Жогорку Кенешке (парламент - автор) депутаттарды сайлау мерзімдері кейінге шегерілді, - деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Садыр Жапаров елдегі парламент сайлауын 2021 жылдың көктеміне - сайлау жүйесінің реформасы аяқталатын уақытқа ауыстыру туралы заңға қол қойды.
"Біздің заң жобамыз Конституцияға қайшы келмейді. Сараптама жүргізілді, барлығы заңнамаға сәйкес. Заң жобасын қолдауды сұраймын, ол қоғамдық-саяси жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік береді", - деді Жапаров.
Президенттің м.а. баспасөз қызметінің хабарламасында құжат бірқатар жағдайға, сондай-ақ елдегі қоғамдық-саяси жағдайға байланысты қабылдануы керегі жазылған.
Жогорку Кенеш депутаттарын сайлау мерзімі конституциялық реформадан кейін Қырғызстанның заңнамасына сәйкес 2021 жылдың 1 маусымынан кешіктірмей тағайындалады.
Бұған дейін Қырғызстанда президент сайлауы 2021 жылдың 17 қаңтарында, ал парламент сайлауы 20 желтоқсанда өтетіні хабарланған болатын.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также