24 қазан 2020 13:47

Қырғызстанда президент сайлауы өтетін күн жарияланды

© baibol.kg

Қырғызстанда мерзімінен бұрынғы президент сайлауы өтетін күн жарияланды, - деп хабарлайды 24.kg.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда мерзімінен бұрынғы президент сайлауы өтетін күн жарияланды, - деп хабарлайды 24.kg.

Мерзімінен бұрынғы президент сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді. Шешім ОСК отырысында қабылданды.

Реклама
Реклама

Ортсайлауком төрағасы Нұржан Шайлдабекова заң бойынша мемлекет басшысының өкілеті тоқтағаннан кейін бір апта ішінде Жогорку Кенеш мерзімінен бұрынғы президент сайлауын тағайындамаса, осы мерзімнен кейін келесі күні ресми түрде тағайындалатынын атап өтті.

"Осыдан кейін сайлау комиссиясы екі күн ішінде сайлау күнін ресми түрде жариялайды. Заң бойынша олар мемлекет басшысының өкілеттігі тоқтатылғаннан кейін үш ай мерзімде - 2021 жылдың 16 қаңтарына дейін өткізілуі тиіс", - деді ол.

Нұржан Шайлдабекова сайлау әдетте демалыс күні өтетіндіктен, 10 қаңтарға белгілеу ұсынылатынын айтты.

ОСК мүшелері бұл ұсынысты қолдады.

Бұған дейін Қырғызстан ОСК ғимаратында тінту жүргізіліп жатқаны хабарланған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Қайрат Нұртас ұсталды