06 қазан 2020 | 23:37

Қырғызстанда сотталған депутат премьер-министр болды

Фото: kabar.kg

Қырғызстанда премьер-министрдің міндетін атқарушы болып үйлестіру кеңесі ұсынған оппозиционер Садыр Жапаров сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AKIpress-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстанда премьер-министрдің міндетін атқарушы болып үйлестіру кеңесі ұсынған оппозиционер Садыр Жапаров сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AKIpress-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін премьер-министр Кубатбек Боронов болған, ол отставкаға кетті. Бұл туралы Бішкектегі "Достук" қонақүйінде өтіп жатқан Жогорку Кенештің кезектен тыс отырысында белгілі болды. Депутаттар өтінішті қарады.

Реклама
Реклама

Кейін Жогорку Кенеш Садыр Жапаровтың премьер-министр лауазымына кандидатурасын мақұлдағаны белгілі болды. Енді Садыр Жапаров Парламентке Үкіметтің құрылымы мен құрамын ұсынуы керек. Осыдан кейін парламент кандидатураларды бекіту рәсіміне кіріседі.

Еске салайық, Бішкектегі "Достук" қонақүйінде Парламент депутаттарының кезектен тыс сессиясы өтті.

БАҚ хабарына қарағанда, талқылау кезінде ғимаратқа қонақүйдің жанында болған адамдар басып кірген. Олар таяқпен және тастармен қаруланған. Жаңа премьер-министр Садыр Жапаров қонақүйдің артқы есігімен қашып кетті.

Айта кетейік, Қырғызстандағы наразылық білдірушілер уақытша премьерді тағайындауға ниетті. Бұл туралы журналистерге оппозициялық "Мекенчил" ("Патриот") партиясының жетекшісі Қамшыбек Ташиев хабарлады. Бұл лауазымға оппозициялық саясаткер Садыр Жапаровтың кандидатурасы қаралды, оны өткен түнде наразылық білдірушілер түрмеден босатқан, онда ол 2013 жылғы тәртіпсіздіктер кезінде адамдарды кепілге алғаны үшін жазасын өтеп жатқан болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная