18 наурыз 2020 10:12

Қырғызстанда үш адам коронавирус жұқтырды

Қырғызстанда коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елдің денсаулық сақтау министрі Космосбек Чолпонбаев брифинг кезінде елде коронавирус жұқтырған үш адам тіркелгенін айтты. Ол науқастар Жалал-Абад ауруханасында жатқанын хабарлады. Коронавирус жұқтырғандар 12 наурызда Сауд Арабиясынан келген. 

Реклама
Реклама

Қырғызстанда шетелден келген азаматтарды тексеріп, үй карантиніне жіберген. Дәрігерлер оларды үнемі бақылап отырған. 

"Қазір олар ауруханада, олармен байланысты болған адамдар анықталды. Науқастар 1950, 1958 және 1978 жылғы адамдар", - деді министр.

Министр бүгінде арнайы штаб төтенше жағдай мәселесін қарастыратынын айтты.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram