12 қыркүйек 2022 08:22

Қырғызстанда зейнетақы рекорд деңгейде өсті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров өткен жылы елдегі зейнетақы рекордтық деңгейде өскенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров өткен жылы елдегі зейнетақы рекордтық деңгейде өскенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1 қазаннан бастап қырғызстандықтардың зейнетақысы орташа есеппен 1700-ден 3400 сомға дейін өседі (шамамен 10-нан 20 мың теңгеге дейін).

"Әрине, бұл идеалды көрсеткіштен алыс екенін білеміз. Бірақ біздегі бюджет мүмкіндіктеріне сүйене отырып, біз азаматтарымыздың өмірін жақсарту үшін барлығын жасап жатырмыз. Осыған дейін зейнетақы орташа есеппен 200-300 сомға көтерілетін. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты қырғыз халқының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталатын болады", - деп жазды Жапаров Facebook парақшасында.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ ол Қырғызстанда 735 мың зейнеткер бар екенін, енді оларға зейнетақы төлеуге жыл сайын республикалық бюджеттен 70 миллиард емес, 90 миллиард сом бөлінетінін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram