Қырғызстандағы митинг: 160-тан аса адам милицияға жеткізілген

Қырғызстанда жаппай тәртіпсіздіктен соң 160-тан аса адам милицияға жеткізілген, - деп хабарлайды РИА Новости.

Қырғызстанда жаппай тәртіпсіздіктен соң 160-тан аса адам милицияға жеткізілген, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, олардың төртеуі әлі қамауда, ал қалғандары жіберілді.

Қажетті сараптамалар тағайындалып, жедел-тергеу шаралары жалғасып жатыр. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, кеше Бішкекте түрмеде отырған қырғыз саясаткері Садыр Жапаровтың жақтаушылары митингіге шыққан болатын. Жүздеген наразы Ала-Тоо алаңына жиналып, саясаткерді босатуды талап еткен.

Президенттің баспасөз қызметі биліктің наразы топтың талаптарын қарастыратынын айтты. Құқық қорғау органдары митингіге шыққандарды тоқтату үшін ішкі әскерді шақыртқан. Алаң маңында көзден жас ағызатын газ қолданылған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама