12 қазан 2018 | 14:08

Қырғызстандық депутат үйін видеоға түсіріп жатқан дронды атпақшы болды

Рыскелді Момбеков. © vb.kg

Қырғызстан парламентінің депутаты Рыскелді Момбеков өз үйін түсіріп жатқан дронды атып түсірмекші болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі VB.KG порталына сілтеме жасап.  

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстан парламентінің депутаты Рыскелді Момбеков өз үйін түсіріп жатқан дронды атып түсірмекші болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі VB.KG порталына сілтеме жасап.  

Халық қалаулысы редакцияға өзі хабарласып, оқиға жайлы айтып берген. Оның айтуынша, ол мылтығына жүгіріп кеткен уақытта, дрон мен оның иесі белгісіз бағытта қашып кеткен. 

Реклама
Реклама

"Мен мылтығымды алып, дронды атып үлгере алмадым. Егер үлгерсем, видеоға түсіріп алар едім. Кейін құқық қорғау органдарына арыз жазып, менің жекеменшік иелігіме кімнің кіргенін және оған мұндай құқықты кім бергенін анықтар едім. Бұл кімнің дроны? Маған әрдайым күйе жаққысы келді, мен оның артында кім тұрғанын да білемін. Маған тиесілі 30 сотық жер бар деп видео жариялапты. Бұл күлкілі. Әжетхананы милиция постымен шатастырған. Күзетшілерді жалдайды деп жазды. Мен сол кездің өзінде-ақ, 30 сотық жердің маған тиесілі екенін дәлелдеген адамға 20 сотығын сыйға беремін деп айтқанмын", - деді депутат. 

Рыскелді Момбеков үйін дронмен түсіргендердің кімнің тапсырысы арқылы істеліп жатқанын біледі.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная