15 қазан 2020 | 15:08

Қырғызстанның барлық президенті 61 жасында биліктен кеткен

Фотоколлаж: Tengrinews.kz

Қырғызстанның бұрынғы бес президенті де 61 жасында биліктен кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстанның бұрынғы бес президенті де 61 жасында биліктен кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Асқар Ақаев мемлекетті 15 жыл басқарған. Ол 2005 жылы 24 наурызда биліктен кетті. Бұл кезде Ақаев 61 жаста еді.

Реклама
Реклама

Қырғызстандағы "Қызғалдақ революциясынан" кейін билікке Құрманбек Бәкиев келіп, ол Қырғызстанның екінші президенті атанды. 2010 жылы оппозиция Бәкиевтің отставкаға кетуін талап етті. 2010 жылдың сәуірінде оппозиция ішкі істер министрлігімен қақтығысып, елде революция басталды. Алдымен Бәкиев Қырғызстанның оңтүстігіне қашып кетті, кейін Қазақстанға ұшып барды. Осыдан соң Беларуське барып, онда саяси баспана алды. Осы уақытта ол 61 жаста болатын.

Роза Отынбаева 2011 жылдың 1 желтоқсанына дейін Қырғызстан президенті болды. Ол Асқар Ақаев мемлекет басқарған кезде оппозиция қатарында еді. Отынбаева да биліктен 61 жасында кетті.

Алмазбек Атамбаев 2017 жылдың 24 қарашасына дейін мемлекет басшысы қызметін атқарды. Ол да 61 жаста болатын.

Сооронбай Жээнбеков 2020 жылдың 15 қазанында яғни 62 жасына бір ай қалғанда биліктен кетті.

Еске салайық, 5 қазанда Қырғызстанда парламент сайлауының қорытындысымен келіспеген азаматтар жаппай наразылық білдірген еді. Митингіге шыққандар президент әкімшілігі және парламент отыратын Ақ үйге басып кірген болатын.

Сонымен қатар, Қырғызстанда жаңа премьер-министр тағайындалды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная