21 қазан 2020 12:37

Қырғызстанның бас прокуроры отставкаға кетті

Қырғызстанның бас прокуроры Өткірбек Жамшитов отставкаға кетті. Жоғарғы Кеңестің конституциялық комитеті оның өтінішін қарады, - деп хабарлайды Akipress.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанның бас прокуроры Өткірбек Жамшитов отставкаға кетті. Жоғарғы Кеңестің конституциялық комитеті оның өтінішін қарады, - деп хабарлайды Akipress.

Комитет төрағасы Қанат Керезбековтің айтуынша, 19 қазанда Жамшитов президенттің міндетін атқарушы Жапаровтың атына отставкаға кету туралы өтініш жазған.

Реклама
Реклама

Дереккөз мәліметінше, комитет өтінішті бүгін, 21 қазанда қарады, енді мәселе Парламенттің талқылауына шығарылады.

"Прокурор ретінде ол жақсы жұмыс істеді. Жалғыз нәрсе - ол атышулы істерге көп көңіл бөлмеді", - дейді депутат Құрманқұл Зулушев.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram