Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Омурбек Бабанов еліне оралды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Омурбек Бабанов еліне оралды Фото:instagram.com/omurbekbabanov

Омурбек Бабанов дәрігерлер ұшуға тыйым салғандықтан Мәскеуден Бішкекке автокөлікпен келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Омурбек Бабанов дәрігерлер ұшуға тыйым салғандықтан Мәскеуден Бішкекке автокөлікпен келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бабановтың көмекшісі Мирсулжан Намазалиев Tengrinews.kz тілшісіне бұрынғы үкімет басшысының Мәскеуден Бішкекке көлікпен келгенін айтты.

"Ол дәрігерлер ұшуға тыйым салғандықтан ұша алмады. Кеше келді, қазір үйде", - деді ол.

Жарнама
Жарнама

Биыл 31 мамырда Бабанов "Құмтөр" алтын кен орнын игеру жобасын іске асырудың әртүрлі кезеңдерінде сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша қылмыстық істі тергеу аясында ұсталған болатын.

Шілдеде бұрынғы премьер-министрге бұлтартпау шарасы өзгертілді, ол Қырғызстаннан шетелге емделу үшін кетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама