03 тамыз 2021 | 15:36

Қырғызстанның экс-премьері Темір Сариев ұсталды

Фото: 24.kg

Сыбайлас жемқорлық деректері бойынша "Құмтөр" кен орнын игеру жобасын іске асырудың түрлі кезеңі бойынша Қырғызстанның экс-премьер-министрі Темір Сариев ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сыбайлас жемқорлық деректері бойынша "Құмтөр" кен орнын игеру жобасын іске асырудың түрлі кезеңі бойынша Қырғызстанның экс-премьер-министрі Темір Сариев ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елдің ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, саясаткер ҰҚКҰ тергеу изоляторларының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Тергеу барысында Сариев экономика министрі және тиісті мемлекеттік комиссияның төрағасы бола отырып, "Құмтөр" кенішінің жұмысынан бірнеше миллиард сомға келтірілген экологиялық залал сомасын азайтып, мемлекетке үлкен залал келтіргені анықталды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Ведомствоаралық тергеу тобы тергеу әрекеттерін жалғастырады, оның нәтижелері бойынша Бішкектің Первомай аудандық соты алдағы 48 сағатта бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселені қарайтын болады.

Зулайка Эркимбаева, Бішкек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная