Қырғызстанның жаңа премьері туған бауырын жұмыстан шығарды

Қырғызстанның жаңа премьері туған бауырын жұмыстан шығарды Ұлықбек Марипов. Фото: kenesh.kg

Қырғызстанның жаңа премьер-министрі Ұлықбек Марипов бауыры Бақытбек Мариповты Ноокат ауданының (Ош облысы) әкімі қызметінен босатты, - деп хабарлайды 24.kg.

Қырғызстанның жаңа премьер-министрі Ұлықбек Марипов бауыры Бақытбек Мариповты Ноокат ауданының (Ош облысы) әкімі қызметінен босатты, - деп хабарлайды 24.kg.

Бұл - елдің жаңа премьер-министрі Ұлықбек Мариповтың мүдделер қақтығысын болдырмау үшін қабылдаған алғашқы шешімдерінің бірі. Бақытбек пен Ұлықбек Мариповтар - туған бауырлар.

Қырғызстанның жергілікті өзін-өзі басқару органдары биліктің атқарушы тармағының бір бөлігі және тікелей премьер-министрге бағынады.

Реклама
Реклама


Бақытбек Марипов. Фото kg.akipress.org

Еске салайық, 3 ақпанда Жогорку Кенеш депутаттары (парламенттің) премьер-министр қызметіне 41 жастағы Ұлықбек Мариповтың кандидатурасын мақұлдаған еді. Бұған дейін ол Қырғызстанның қаржы министрлігінде, президент аппаратында, Төтенше жағдайлар министрлігінде, үкімет аппаратында түрлі лауазым атқарған. Елдің экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың көмекшісі болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама