ПОДЕЛИТЬСЯ
08 желтоқсан 2020 | 09:37
Қырғызстанның жоғарғы соты экс-премьер Исаковқа қатысты үкімнің күшін жойды
Қырғызстанның Жоғарғы соты елдің экс-премьері Сапар Исаковқа қатысты үкімнің күшін жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sputnik Қырғызстан ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қырғызстанның Жоғарғы соты елдің экс-премьері Сапар Исаковқа қатысты үкімнің күшін жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sputnik Қырғызстан ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Дереккөз мәліметінше, Исаков бірнеше сыбайлас жемқорлық іс бойынша 18 жылға сотталған.
Первомай аудандық сотының шешімі бойынша, маусымда экс-премьер Бішкектегі мұражайды және Чолпон-Атадағы ипподромды қайта жаңғыртуға бөлінген мемлекет қаражатын ысырап еткені үшін кінәлі деп танылған.
Ол 12 жылға бас бостандығынан айырылып, оған 247 миллион сом айыппұл салынды.
"АКИпресс" мәліметінше, сол кезде Исаков "Бішкек" жылу электр станциясын жаңғырту жобасын іске асыру кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін 15 жылға сотталып, жазасын өтеп жатқан. Осылайша, Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі жалпы 18 жылға бас бостандығынан айырылған.
Сонымен қатар, Жоғарғы соттың сот алқасы президент аппаратының азаматтық даму, діни және этникалық саясат бөлімінің бұрынғы басшысы Мира Қарыбаеваға қатысты үкімнің күшін жойды. Оған 260 мың сом айыппұл салынды.
Іс Первомай аудандық сотында қайта қаралады.
Айта кетейік, 5-6 қазанда Қырғызстанда болған оқиғалар барысында Сапар Исаковқа "демалыс" берілген еді. Оның мерзімі 13 қазанда аяқталған. Алайда ол жазасын әрі қарай өтеу үшін колонияға оралмаған. Қазіргі таңда оның қайда екені белгісіз.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также