Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясында тінту жұмыстары жүріп жатыр

© kabar.kg.

Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясында тінту жүріп жатыр, - деп хабарлайды 24.kg.

Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясында тінту жүріп жатыр, - деп хабарлайды 24.kg.

Орталық сайлау комиссиясында құжаттарды тінту және тәркілеу жұмыстары жүріп жатыр. Ақпаратты ОСК баспасөз қызметі өкілдері растады. Ғимаратта Свердлов ауданының ІІБ қызметкерлері жүр.

Бұған дейін сайлау және референдум жөніндегі орталық комиссияның мүшелері полицияға жауап алуға шақырылған болатын.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 6 қазанда ОСК Бішкекте жаппай наразылық акциялары, содан кейін тәртіпсіздіктер басталғаннан кейін сайлау қорытындыларын жарамсыз деп тануға мәжбүр болған еді. Елдегі халық наразылығының нәтижесінде билік ауысты - президент Сооронбай Жээнбеков отставкаға кетті. Қазір мемлекет басшысы міндетін премьер-министр Садыр Жапаров атқарып отыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама