12 наурыз 2022 16:57

Қырғызстанның Ұлттық банкі елден доллар шығаруға тыйым салды

Фото: Tengrinews.kz

Қырғызстанда қолма-қол долларды елден тыс жерлерге шығаруға уақытша тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда қолма-қол долларды елден тыс жерлерге шығаруға уақытша тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап. 

Тыйым коммерциялық банктерге, айырбастау бюроларына, микроқаржы және микрокредиттік компанияларға қатысты. Талап жеке тұлғаларға және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға қолданылмайды.

Шешім Қырғызстанның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданғаны хабарланды. Қолма-қол ақшаны Қырғызстаннан тыс жерлерге шығаруға тыйым 2022 жылдың 11 наурызы сағат 17.30-дан бастап қолданысқа енді.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram