08 тамыз 2019 16:06

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы отставкаға кетті

Орозбек Опумбаев. © 24.kg Орозбек Опумбаев. © 24.kg

Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Орозбек Опумбаев республикадағы жағдайдың ушығуына байланысты отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.


Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Орозбек Опумбаев республикадағы жағдайдың ушығуына байланысты отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Таңертең Қауіпсіздік кеңесінің отырысында мен президентке отставкаға кеткім келетінін хабарладым. Оған менің де кінәм бар. 3500 сарбаздың барлығын жұмылдыру керек еді, олай болған жоқ", - деді Опумбаев. Бұл туралы ол парламенттің кезектен тыс отырысында депутаттар алдында есеп беру барысында мәлімдеді. 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бастығы Орозбек Опумбаев депутаттар алдында есеп бере отырып, Алмазбек Атамбаевты ұстау барысында қоластындағы адамдарға оқ атпауға бұйрық бергеніне өкінетінін айтты.

"Атамбаевтың қарусыз адамдарға шабуыл жасайтынын ешкім күткен жоқ. Шынымды айтсам, оған шабуыл жасауға бұйрық бермегеніме өкінемін", - дейді Орозбек Опумбаев. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети