06 желтоқсан 2021 | 16:13

Қытай Африкада әскери база салуды жоспарлап отыр - БАҚ

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Сурет ©REUTERS

Америкалық барлау қызметі Қытай Атлант мұхитында, экваторлық Гвинея аумағында әскери кемелер базасын салуға ниет білдіріп отырғанын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Америкалық барлау қызметі Қытай Атлант мұхитында, экваторлық Гвинея аумағында әскери кемелер базасын салуға ниет білдіріп отырғанын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail сайтына сілтеме жасап.

АҚШ барлау қызметінің өкілдері ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Батыс Африка мемлекетінің президенті Теодор Обианг Нгем Мбасогоны Бата қаласындағы портты кеңейтуге және оны әскери базаға айналдыруға рұқсат беруге көндіреді деп санайды.

АҚШ барлау қызметінің болжамдары бойынша, Қытай Бата қаласында әскери-теңіз базасын құра алады. Жаңа базаның көмегімен Қытай экваторлық Гвинеядағы қорларын толықтыра алады, бұл жайт Пентагонды алаңдатады.

Реклама
Реклама

Қытай Бата портын әскери базаға айналдырса, бұл Пекинге АҚШ-тың шығыс жағалауы орналасқан суларда әскери кемелер мен басқа да әскери-теңіз жабдықтарын жөндеуге және қайта жарақтандыруға мүмкіндік береді.

"Теңіздегі қауіпсіздік мәселелерін шешуге бағытталған дипломатия аясында экваторлық Гвинеяға Қытайдың осы елдегі қызметіне қатысты кейбір ықтимал қадамдар ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан алаңдаушылық тудыратынын айттық", - деді Байден әкімшілігінің өкілі The Wall Street Journal газетіне берген сұхбатында.

Басылымның мәліметінше, Қытайда тек бір шетелдік әскери база бар. Ол - Джибутиде, Шығыс Африкада орналасқан, 2017 жылы ашылған. Ол Африка континентінің екінші жағында орналасқан әрі Аден шығанағының суларына шығады.

Қытай үкіметінің мәліметінше, елдің мемлекеттік компаниялары кейінгі екі онжылдықта Африка бойынша 100 коммерциялық порт салған. Африканың солтүстік-батыс жағалауында орналасқан Мавританиядағы америкалық дипломаттар жергілікті билікке Пекиннің Қытай салған портты әскери мақсатта пайдаланудан бас тартуға кеңес берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная