ПОДЕЛИТЬСЯ
01 қараша 2021 | 14:02
Қытай АҚШ барлау қызметінің коронавирус себебі туралы есебін сынады
Қытай сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ван Вэньбинь COVID-19 пандемиясының зертханада пайда болуы туралы айтылған америкалық барлау қызметінің құпия есебі ғылыми түрде дәлелденбеген әрі сенімді емес деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.

Ванның айтуынша, "мың рет қайталанған өтірік өтірік болып қала береді" және америкалық барлау агенттіктері - "алаяқ".
"Жаңа коронавирустың пайда болуын бақылау - күрделі және маңызды мәселе, оны бүкіл әлем ғалымдарының ынтымақтастығымен ғана зерттеуге болады. Америкалық барлау қызметі жасаған есептің ғылыми тұрғыдан маңызы жоқ әрі сенімді емес", - деді ол.
29 қазандағы америкалық барлау қызметі жариялаған баяндамада барлау қоғамдастығы әлі де COVID-19 пайда болуының екі болжамын қарастыратыны айтылған: жануар арқылы тараған инфекция және "зертхананың жұмысына байланысты оқиға".
Қытай вирустың таралуы Ухань қаласындағы мамандандырылған зертханадан шыққан деген пікірді жоққа шығарады, онда COVID-19 алғаш рет 2019 жылдың соңында анықталған.
Өткен айда ДДСҰ пандемияның пайда болуы туралы жаңа ғылыми кеңес беру тобын (SAGO) құрды және Қытайды жаңа зерттеу жүргізу үшін бастапқы деректерді ұсынуға шақырған. Қытай пациенттердің құпиялылық ережелеріне сілтеме жасай отырып, бұдан бас тартқан еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также