ПОДЕЛИТЬСЯ
01 ақпан 2022 | 15:40
Қытай - АҚШ экономикасы үшін ең үлкен қауіп - ФТБ директоры
Федералды тергеу бюросының (ФТБ) директоры Кристофер Рэй Қытайдың АҚШ экономикасы үшін ең жоғары қауіп екенін, ол қазірдің өзінде жаңа деңгейге көтерілгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Федералды тергеу бюросының (ФТБ) директоры Кристофер Рэй Қытайдың АҚШ экономикасы үшін ең жоғары қауіп екенін, ол қазірдің өзінде жаңа деңгейге көтерілгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің сайтына сілтеме жасап.
Рэй бұл мәлімдемені Рональд Рейган атындағы Президенттік кітапханада жасады. Ол қазір АҚШ-қа Қытайдан асқан қауіп төндіретін ел жоқ екеніне сенімді.
"Егер біздің тергеу нәтижелерін талдасақ, 2000-нан астамы Қытай үкіметінің біздің ақпаратымызды немесе технологиямызды ұрлау әрекеттеріне арналған, біздің идеяларымызға, инновацияларымызға, экономикалық қауіпсіздігімізге Қытайдан асқан қауіп төндіретін ел жоқ деген қорытындыға келуге болады", - делінген хабарламада.
Рэй атап өткендей, Федералдық тергеу бюросы Қытай үкіметінің АҚШ-тан ақпарат немесе технологияны ұрлау әрекетінің 2000-нан астам жағдайын тергеп жатыр.
"Қытай үкіметі өз рөлін орындаудан бас тартады және өз мүмкіндіктерін ынтымақтастық пен құрылысқа емес, ұрлау және қорқыту үшін жиі пайдаланады", - делінген мәлімдемеде.
ФТБ басшысы АҚШ барлауы Қытайдың операцияларына қарсы тұру үшін әр 12 сағат сайын жаңа істер ашатынын айтты. Оның пайымдауынша, Қытайдан Батысқа төніп тұрған қауіп барған сайын ашық әрі жойқын сипатқа ие.
"Бюрода біз еліміздің инновацияларын қорғау әрі құқық қорғау саласының басымдығы және ұлттық қауіпсіздіктің басты басымдығы деген пікірді бұрыннан ұстандық. Алайда мен ҚХР үкіметінің қауіп төндіретініне назар аударғым келеді, өйткені бұл қызмет жаңа деңгейге жетті", - деді ол.
Рэй Қытай билігінің ауқымды хакерлік шабуылдар жасап қана қоймай, қалағанына қол жеткізу үшін бей-берекет зиян келтіретінін айтты. Ол мысал ретінде жақында бұзылған Microsoft Exchange желісі басқа да 10000 америкалық компанияларға залалы тигенін айтты.
"АҚШ-та олар ауқымды, күрделі хакерлік бағдарламаларын іске асырмақшы. Олар Қытайдың әрбір ірі қаласынан жұмыс істейді, үлкен қаржыландыру мен күрделі құралдарға ие және жиі киберқылмыскерлермен күш біріктіреді", - деп қорытындылады ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также