ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 24 шілде 2020 12:32
Қытай АҚШ-тан Сычуандағы консулдығын жабуды талап етті
Қытай билігі АҚШ-тан Чэнду қаласындағы (Сычуан провинциясы) бас консулдығын жабуды талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Xinhua агенттігіне сілтеме жасап.
"Министрлік Чэнду қаласындағы АҚШ-тың бас консулдығынан барлық іс-шара мен қызметін тоқтату туралы нақты талап қойды", - делінген ҚХР-дың Сыртқы істер министрлігі таратқан хабарламада.
Бұл АҚШ-тың өз еліндегі Қытай консулдығын жабу талабына жауап болуы мүмкін. Қытай тарапы бұл іске жауапкершілікті Вашингтон мойнына толық алатынын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Біз АҚШ-ты қате шешімнен бас тартуға және екі жақты қатынасты қалыпқа келтіру үшін қажет жағдай жасауға шақырамыз", - деді ҚХР-дың Сыртқы істер министрлігі өкілі.
Айта кетейік, осыған дейін АҚШ Қытайдан Хьюстондағы консулдығын жабуды талап еткен еді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу