ПОДЕЛИТЬСЯ
03 ақпан 2020 | 15:48
Қытай АҚШ-ты коронавирусқа байланысты дүрбелең туғызды деп айыптады
Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Хуа Чуньин АҚШ-тың коронавирустың жаңа түрімен күресуге ешқандай көмек көрсетпегенін айтып, керісінше дүрбелең шығарды деп айыптады, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Хуа Чуньин АҚШ-тың коронавирустың жаңа түрімен күресуге ешқандай көмек көрсетпегенін айтып, керісінше дүрбелең шығарды деп айыптады, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Осы індет басталғаннан бері көптеген ел Қытайға көмек көрсетіп, қолдау көрсетті және біз осы үшін оларға алғыс білдіреміз. Бірақ, менің білуімше, америкалық үкімет Қытайға ешқандай елеулі көмек көрсетпеді, керісінше, АҚШ бірінші болып Ухан қаласындағы өз консулдығының қызметкерлерін эвакуациялады, бірінші болып елшіліктің қызметкерлерінің бір бөлігін Қытайдан алып кету ниеті туралы мәлімдеді, бірінші болып ДДСҰ Қытайға сапар және сауда жасауға шектеулер енгізбеуді ұсынғанына қарамастан ҚХР-дың барлық азаматына АҚШ-қа кіруге толық тыйым салынғаны туралы мәлімдеген", - деді дипломат онлайн-брифинг барысында.
Ол АҚШ-тың бұл әрекеттері "дүрбелеңнің пайда болуына және таралуына" әкеп соққанын атап өтті.
Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухан қаласында белгісіз пневмонияның шыққанын мәлімдеген. Мамандар 2019-nCoV-коронавирусы ауру қоздырғышын анықтады.
Қытайда коронавирусты жұқтырғандар саны 17,2 мың адамнан асты, 361 адам қайтыс болды. Тағы 150-ге жуық адам Қытайдан тыс жерде ауырып, олардың біреуі қаза тапты.
Показать комментарии
Читайте также