05 қаңтар 2021 | 15:11

Қытай АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларының күшін жоюды талап етті

Фото ©REUTERS

АҚШ Иранға қатысты ядролық келісімді орындап, оған қарсы енгізілген барлық санкцияны алып тастауы керек. ҚХР СІМ ресми өкілі Хуа Чуньин осындай мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ Иранға қатысты ядролық келісімді орындап, оған қарсы енгізілген барлық санкцияны алып тастауы керек. ҚХР СІМ ресми өкілі Хуа Чуньин осындай мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Қазіргі басты міндет – АҚШ-тың Иранның ядролық бағдарламасы туралы келісімін тез арада орындауына, сондай-ақ барлық тиісті санкцияны алып тастауына, қалпына келтіруіне және келісімге оралуға жағдай жасауына ықпал ету", - деді Хуа Чуньин.

Реклама
Реклама

Ол қазіргі уақытта Иранның ядролық проблемасына қатысты жағдай өте күрделі екенін айтты.

"Қытай тарапы барлық тарапты сабырлық сақтауға, жағдайдың ушығуына әкеп соқтыруы мүмкін іс-әрекеттерден аулақ болуға шақырады", - деді Қытай СІМ өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная