Қытай алғаш рет ЕО-ның ең ірі сауда серіктесі болды

viewings icon 289
comments icon 0
Фото: pexels.com Фото: pexels.com

Қытай 2020 жылы Еуроодақтың (ЕО) тарихи одақтасы АҚШ-ты бірінші позициядан ығыстырып, ЕО-ның ірі сауда серіктесі болды, - деп хабарлайды Xinhua.

Қытай 2020 жылы Еуроодақтың (ЕО) тарихи одақтасы АҚШ-ты бірінші позициядан ығыстырып, ЕО-ның ірі сауда серіктесі болды, - деп хабарлайды Xinhua.

Еуростат еурокомиссия статистикалық агенттігі есебінде Қытаймен сауда көлемі 2020 жылы 711 миллиард долларға жеткені көрсетілген. Бұл есепте АҚШ көрсеткіші - 673 миллиард. 2020 жылдың басына дейін ЕО сауда серіктестері тізімін бастап тұрған америкалық тауар саудасы айтарлықтай төмендеген.

"2020 жылы Қытай ЕО-ның басты серіктесі болды. Еуроодаққа ҚХР-дан импорт мөлшері 5,6 пайызға, ал экспорт 2,2 пайызға өсті. АҚШ-тың ЕО-ға импорты 13,2 пайызға, ал ЕО-ның АҚШ-қа экспорты 8,2 пайызға төмендеді", - делінген құжатта.

Реклама
Реклама

Пандемиядан бөлек, сауда динамикасына Ұлыбританияның ЕО құрамынан шығуы да себеп болды.

"Бұл нәтиже Қытай мен ЕО арасындағы экономика және сауда ынтымақтастығының тұрақтылығы мен маңызын көрсетеді", - деді ЕО-дағы Қытай өкілдігінің басшысы Чжан Мин.

Айта кетейік, бұған дейін Қытай Еуропаға Қазақстан мен Ресейді айналып өтетін көлік дәлізін ашқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная