Қытай америкалық 10 компанияға қатысты санкциялар енгізілгенін жариялады

Қытай америкалық 10 компанияға қатысты санкциялар енгізілгенін жариялады Euronews

Қытай қорғаныс, аэроғарыш және сирек кездесетін металдарды өндіру саласында жұмыс істейтін АҚШ-тың 10 компаниясына қатысты экспорттық бақылау енгізді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.

Қытай қорғаныс, аэроғарыш және сирек кездесетін металдарды өндіру саласында жұмыс істейтін АҚШ-тың 10 компаниясына қатысты экспорттық бақылау енгізді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.

Бұл шаралар туралы ҚХР Коммерция министрлігі жариялап, қытайлық экспорттаушыларға аталған құрылымдарға "қосарлы мақсаттағы" тауарларды жеткізуге тыйым салынатынын атап өтті.

Қытайдың жаңа экспорттық шектеулеріне AVEOX, Red Cat Holdings, Teal Drones, IMSAR, Jaia Robotics, Ball Aerospace & Technologies, Oshkosh Defense, L3Harris Maritime Services, MP Materials және USA Rare Earth сияқты компаниялар ілікті.

Жарнама
Жарнама

Ведомство бұл қадам елдің қарулы күштерімен байланысы бар деген желеумен қытайлық фирмалар қара тізімін кеңейту туралы "Вашингтонның шектен шыққан шешіміне жауап" ретінде қабылданғанын түсіндірді.

Бұдан бөлек, ҚХР Қаржы министрлігі мемлекеттік мекемелерге Lockheed Martin, Raytheon және General Dynamics бөлімшелерін қоса алғанда, Американың 46 компаниясының өнімін сатып алуға тыйым салынатынын хабарлады.

Сарапшылардың пайымдауынша, бұл санкциялар АҚШ президенті Дональд Трамптың әлемнің екі ірі экономикасы арасындағы қарым-қатынасты тұрақтандыруға бағытталған ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізу үшін Бейжіңге жасаған сапарынан бір ай өткен соң енгізіліп отыр.

Тараптар тарифтерді төмендету бағытында жұмыс істеуге келіскенімен, содан бері технология және қорғаныс саласындағы шиеленіс қайта өршіп кетті.

Осы айдың басында АҚШ Қорғаныс министрлігі Alibaba, Baidu және BYD сияқты бірқатар ірі қытайлық компанияны Қытайдың қарулы күштерімен байланысы бар делінген фирмалар тізіміне қосты. Мұндай таңба оларды АҚШ-тың әскери келісімшарттарын алу мүмкіндігінен айырады.

Baidu компаниясы бұл айыптауларды теріске шығарып, компанияны әскери кәсіпорын деу "мүлдем негізсіз" екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ ҚХР Коммерция министрлігі бұл шектеулер қытайлық экспорттаушыларға ғана емес, "аталған құрылымдарға Қытайда өндірілген қосарлы мақсаттағы тауарларды беретін немесе жеткізетін кез келген елдегі немесе аймақтағы ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға" да қатысты болатынын хабарлады.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама