Қытай америкалық журналистерге жауап қайтармақ - БАҚ

Фото: yimg.com

Қытай америкалық журналистерді елден шығарып жіберуі мүмкін. Бұл туралы Global Times газетінің бас редакторы Ху Сицзинь айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қытай америкалық журналистерді елден шығарып жіберуі мүмкін. Бұл туралы Global Times газетінің бас редакторы Ху Сицзинь айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Америкалық тарап қытайлық журналистердің визасын ұзартқан жоқ. Мұны ескерсек, Қытай тарапы жаман сценарийге дайындалып жатыр. Ол бойынша барлық қытайлық журналист АҚШ-тан қайтуы керек. Сондай-ақ, Қытай тарапы Гонконгтағы америкалық журналистерге  де жауап қайтарады", - деп жазды Global Times бас редакторы Twitter-дегі парақшасында.

Айта кетейік, биыл Қытай мен АҚШ арасындағы байланыс ушыға түсті. Осыған дейін АҚШ Қытайдан Хьюстондағы консулдығын жабуды талап еткен еді. Ал Қытай АҚШ-тан Сычуандағы консулдығын жабу талабын қойған.

Реклама
Реклама

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама