02 тамыз 2022 | 14:35

Қытай армиясы Оңтүстік Қытай теңізінде әскери оқу-жаттығуларын бастады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ©REUTERS

Қытай Халық азаттық армиясы (ҚХАА) 2 тамызда Оңтүстік Қытай теңізінде кезекті әскери жаттығуларын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ECNS агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қытай Халық азаттық армиясы (ҚХАА) 2 тамызда Оңтүстік Қытай теңізінде кезекті әскери жаттығуларын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ECNS агенттігіне сілтеме жасап.

ҚХР Теңіз қауіпсіздігі басқармасы 2-6 тамыз аралығында әскери жаттығулар өтетінін, осыған байланысты Оңтүстік Қытай теңізі ауданына, ведомство сайтында координаттары көрсетілген, кемелердің кіруіне тыйым салынатынын хабарлады.

Жаттығуларға қандай әскер түрлері қатысатыны нақтыланбаған, алайда 2022 жылдың 1 тамызы мен 4 тамызы аралығында әскери оқ-дәрілерді қолдана отырып оқ атылатыны белгілі.

Реклама
Реклама

Сарапшылар Қытай армиясының белсенділігін ҚХАА-ның 95 жылдығын мерекелеумен ғана емес, сонымен қатар АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Азия елдеріне, соның ішінде Тайваньға сапарымен байланыстырады.

Еске салайық, Нэнси Пелосидің Тайваньға сапарына қатысты әзірге ресми мәлімдемелер болған жоқ, бірақ шетелдік БАҚ өз дереккөздеріне сілтеме жасап, ол аралға 2 тамызда кешке баруы керек деп жазады. Сондай-ақ, 3 тамызда Пелоси Тайвань әкімшілігінің басшысы Цай Инвэнмен кездесуі керек екені хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная