ПОДЕЛИТЬСЯ
26 қазан 2021 | 10:28
Қытай Ауғанстанды санкциялардан босатуға шақырды
Қытайдың сыртқы істер министрі Ван И АҚШ пен Батыс елдерін Ауғанстанды санкциялардан босатуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Social News" сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қытайдың сыртқы істер министрі Ван И АҚШ пен Батыс елдерін Ауғанстанды санкциялардан босатуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Social News" сайтына сілтеме жасап.
Қытай СІМ басшысы Дохада Ауғанстан уақытша министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Абдул Ғани Барадармен кездесу барысында Қытай Ауғанстанның егемендігін, тәуелсіздігін және аумақтық тұтастығын құрметтейтінін, өз тағдырын өзі белгілеп, даму жолын өзі таңдайтын ауған халқын қолдайтынын атап өтті.
Сонымен қатар, Ван И АҚШ пен Батыс елдеріне үндеу тастап, Ауғанстанға қатысты санкция саясатын қайта қарауға шақырды.
"Қытай қазір Ауғанстан тап болған гуманитарлық қиындықтарға үлкен мән береді. АҚШ пен Батыс елдерін Ауғанстанды санкциядан босатуға шақырады", - деді Ван И.
Министр барлық тарап Ауғанстанға қолайлы даму жолына түсуге көмектесу үшін "Талибанмен" ақылға қонымды және прагматикалық байланыста болу керек екенін атап өтті.
"Қытай ауған халқына мүмкіндігінше, гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыруға, ауған халқына уақытша қиындықтарды жеңуге, экономикалық қалпына келтіру мен өзін-өзі дамытуға көмектесу үшін халықаралық қоғамдастықпен ынтымақтасуды жалғастыруға дайын", - деп атап өтті Қытай СІМ басшысы.
Тамыздың басында "Талибан" қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған) Ауғанстандағы үкімет күштеріне қарсы шабуылды күшейткен еді. "Талибан" қозғалысы 15 тамызда ел астанасына басып кіріп, ал 16 тамызда Ауғанстандағы соғыс аяқталды деп мәлімдеген. 31 тамызға қараған түні АҚШ әскери күштері Кабул әуежайынан кеткен еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также