ПОДЕЛИТЬСЯ
27 желтоқсан 2022 | 10:55
Қытай басшысы Си Цзиньпин елдегі COVID-19 жұқтыру деңгейі туралы айтты
ҚХР басшысы Си Цзиньпин Қытайда COVID-19 жұқтырудың өршуіне байланысты "жаңа жағдайға" тап болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Xinhua басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚХР басшысы Си Цзиньпин Қытайда COVID-19 жұқтырудың өршуіне байланысты "жаңа жағдайға" тап болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Xinhua басылымына сілтеме жасап.
Бейжіңнің COVID-пен күресудегі "нөлдік саясаты" аяқталғаннан кейін және желтоқсан басында коронавирус жағдайының өршуінен кейінгі пандемия туралы алғашқы рет көпшілік алдында сөйлеген сөзінде Си Цзиньпин денсаулық сақтау науқанын күшейтуді талап етті.
"Қазір Қытайда COVID-19 алдын алу және бақылау бойынша жаңа жағдай мен міндеттерге тап болды. Біз денсаулық сақтау саласындағы патриоттық науқанды мақсатты түрде бастауымыз керек ... эпидемияның алдын алу және онымен күресу, сондай-ақ, адамдардың өмірін, қауіпсіздігі мен денсаулығын тиімді қорғау үшін қоғамның қорғаныс шебін нығайту", - деді ҚХР көшбасшысы.
ҚХР ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы 2023 жылғы 8 қаңтардан бастап Қытай туристер үшін COVID-19 карантин шараларын алып тастап, шекараларды ашуды жоспарлап отырғанын хабарлады. Қазір елге келген жолаушылар карантинде 5 күн, кейін үйде 3 күн болуы керек. Келушілер үшін COVID шектеулері жеңілдегеніне қарамастан, туристер ұшудан 48 сағат бұрын ПТР тестін тапсыруы керек.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также